Жаңалықтар тізбегі
0

Айбек Айтбеков пен Темірлан Тұрдақын әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Айбек Айтбеков пен Темірлан Тұрдақын әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2024 22:56 Сурет: olympic.kz
Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екі медаль түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Грек-рим күресінен 55 келіде сынға түскен Айбек Айтбеков өз салмағында үздік үштікке енді. Айбек кіші  финалда молдовалық Максим Сармановты 10:1 есебімен жеңді. Бұл салмақта алтынды Иран, күмісті АҚШ балуаны иеленсе, тағы бір қола жүлде ресейлік Әлібек Амировтің еншісінде. 

87 келі салмақта сынға түскен Темірлан Тұрдақын да әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді. Қола медаль үшін күресте Темірлан армениялық Рубен Геворгянды жеңді. Тағы бір қола медальді Грузия балуаны иеленген. 

Еске салайық, бүгін тағы екі қазақстандық балуан Юсуп Ашрапов пен Ислам Евлоев әлем чемпионатының финалына шықты.

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақта белдескен Юсуп Ашрапов Украина мен Грузия балуандарын жеңіп, жартылай финалда ресейлік Грайр Огенасяннан 7:5 есебімен басым түсті. Юсуфтың финалдағы қарсыласы - ирандық Ахмадреза Мохсен Нежад. 

Сондай-ақ, 82 келідегі Ислам Евлоев та финалда белдеседі. Жартылай финалда Исламның қарсыласы кілемге шыққан жоқ. Ақтық сында қазақстандық балуан Түркия өкілі Альперен Бербермен белдеседі. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: