Жетісу облысында ұсталған мас жүргізушіге қатысты сот шешімі шықты

Жетісу облысында ұсталған мас жүргізушіге қатысты сот шешімі шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2024 19:32 Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында полиция мас күйіндегі жүргізушіні ұстады. 43 жастағы ер адам Mercedes-Benz көлігін айдаған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық бұзушылық фактісі бойынша хаттама жасалып, әкімшілік іс жүргізу басталды. Іс материалдары сотқа жіберілді, сот қатаң үкім шығарды: тәртіп бұзушы 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, сонымен қатар 7 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Ұсталған адамның көлігі арнайы автотұраққа қойылды. 

Айта кетейік, 2024 жылғы 23 тамыздағы жағдай бойынша полиция қызметкерлері 381 жүргізушіні мас күйінде ұстады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: