"Суицид жасаған". Алматы облысында өзен бойынан әйелдің мәйіті табылды

Алматы облысында өзен бойынан әйелдің мәйіті табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2024 22:54 Сурет: РЖҚЖ
Алматы облысында құтқарушылар өзен бойынан әйел адамның мәйітін алып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының хабарлауынша, Талғар қаласында 20-35 жас шамасындағы әйел адам ағысы күшті суару каналына секіріп, болжам бойынша суицид жасаған.

Құтқарушыларға сол жерден өтіп бара жатқан куәгер хабарласқан.

"ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы әйел адамды 10 сағат іздеп, шамамен құлаған орнынан 8 шақырым жерден денесін тапты. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - деп хабарлады Республикалық жедел-құтқару жасағы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: