Жаңалықтар тізбегі
0

Аса ірі алаяқтық жасады деген тағы бір күдікті Ресейден экстрадицияланды

Аса ірі алаяқтық жасады деген тағы біркүдікті Ресейден экстрадицияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 10:16 Сурет: Telegram/GenPr
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019-2022 жылдар аралығында күдікті Тараз қаласындағы банк филиалының қызметкері бола отыры, банк клиенттерінің атынан оларға несие рәсімдеген.

Әрі қарай банк клиенттерінің шоттарына қол жеткізген күдікті несие қаражатын достарының есепшотына аударып, кейін оны қолма-қол ақшаға айналдырған.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде банк клиенттеріне 60 млн.теңге көлемінде залал келтірілген.

Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Ағымдағы жылдың сәуір айында фигурант Краснодар өлкесінің аумағында ұсталды, содан кейін ол Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, осы жылы қылмыстық әрекеттері 350-ден астам жәбірленушіге жалпы сомасы 7 миллиард теңгеге жуық шығын келтірген алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 11 адам Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: