Жаңалықтар тізбегі
0

Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толды

Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 11:25 Сурет: wikimedia/Nikolai Bulykin
Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 18 млрд текше метрден артық су жинап, 100%-ға толды. Бұл туралы 26 тамызда ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның ақпаратынша, су қоймасы Қытай аумағынан бастау алатын трансшекаралық Іле өзенінің суын жинайды. Биыл көктемде секундына 900 текше метрге дейін су келген. Мамандар мұнын себебін Тянь-Шань мұздықтарының еруі мен жауын-шашынның көп болуымен байланыстырады.

"Қапшағай су қоймасы соңғы рет 2014 жылы 100%-ға толған болатын. Суару маусымы басталғалы Шеңгелді алқабының 6 мың гектар және Ақдала алқабының 28 мың гектар жеріне су берілуде. Бүгінгі таңда шаруалардың сұранысы бойынша секундына 750 текше метр су жіберіліп жатыр",- деді Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Медет Керімжанов.

Министрліктің мәліметінше, қазір Қапшағай су қоймасында 16 млрд 200 млн текше метр су бар. Облыста вегетация кезеңі қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Одан кейін су тасқыны кезеңіне дайындық басталады.


"Айта кету керек, Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендердің суын бөлу мәселесі бойынша үкіметаралық келісім жобасын әзірлеп жатыр. Оның ішінде үш ірі трансшекаралық өзен: Ертіс, Іле және Емел бар. Бүгінде тараптар су бөлу мәселесі бойынша келісімнің бірқатар баптары бойынша ортақ мәмілеге келді",- деліген хабарламада.

2024 жылғы 1 шілде күні Каспий теңізінің деңгейі 119 см-ге көтерілгені хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: