Маңғыстау облысының прокуратурасы бизнесті заңсыз тексерулердің жолын кесті

Маңғыстау облысының прокуратурасы бизнесті заңсыз тексерулердің жолын кесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 12:57 Сурет: pixabay
Облыс прокуратурасымен салық заңнамасының қолданылуына жүргізілген талдау салық органының 3 кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне негізсіз кешенді тексерістер тағайындағанын көрсетті.

Кәсіпкерлер жоғары тәуекел санатына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген "Өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларындағы" алынып тасталған критерий бойынша енгізілгені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісімен аталған салықтық тексерулердің күші жойылып, кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Маңғыстау облысының прокуратурасы

Прокуратура органдары кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: