26 тамыздағы саудада доллар бағамы одан әрі өсті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 26 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,81 теңгеге көтеріліп, 483,65 теңгені құрады.
Қытай юанінің бағамы 0,55 тармаққа өсіп, 67,91 теңгені құрады.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 482,7-485,1 теңгеге, еуро 537,5-542 теңгеге, ресей рублі 5,19-5,29 теңгеге сатылуда.
Ал 26 тамыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электронды саудасында қараша айындағы Brent фьючерстерінің құны 1,02%-ға өсіп, барреліне $78,95 құрады.
NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 1,16%-ға өсіп, барреліне 75,70 долларды құрады.
26 тамыз күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 482,78 теңге, еуроны 536,66 теңге, рубльді 5,28 теңге деп бекітті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript