Алматыда суық су беру тоқтатылады

Алматыда екі ауданда суық су беру тоқтатылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 16:28 Сурет: pexels
Алматыда су құбырының технологиялық жабдықтарын ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты 29 тамызда ауданның бірінде су беру шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы су" ақпаратына сәйкес, 29 тамызда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін көшелер ішінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су беруде уақытша шектеулер енгізіледі:

Алмалы ауданы: Бөгенбай батыр – Әйтиев – Гоголь – Розыбакиев.

"Аталған қалалық секторларда суық сумен жабдықтауға уақытша шектеулер жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтарға байланысты түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз. "Алматы су" мемлекеттік кәсіпорнының диспетчерлік қызметі: 274-66-66", — деп хабарласты мекеме.

Сондай-ақ 27 тамызда Бостандық және Алмалы аудандарында су ішінара тоқтатылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: