Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының Іле ауданында ТЖ режимі жариялануы мүмкін

Алматы облысының Іле ауданында ТЖ жариялағысы келеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2024 14:25 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы Іле ауданының әкімдігі "жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешім дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Іле ауданы, Өтеген батыр ауылдық округі, Өтеген батыр ауылы, З.Батталханов көшесінде орналасқан 1 ғимарат астынан жерасты суының көтерілуі салдарынан кәріз және су құбырларының серпіліп бұзылуына байланысты, жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын",- делінген "Ашық НҚА" сайтына орналастырылған құжатта.

Іле ауданының әкімдігінің мәліметінше, кентте жыл сайын жер асты суларының көтерілуіне байланысты ғимараттар мен жертөлелерді су басады, соның салдарынан іргетастар шөгеді.

Қазіргі уақытта ҰҚК ғимаратын су басу орын алды, бұл туралы ТЖД 13 тамызда хабарлаған болатын. Бірақ әзірге мекемеде ешқандай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ.

Алматы облысының Іле ауданында ТЖ жариялағысы келеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2024 14:25

Сурет: Zakon.kz

"Біз қарап шықтық, барлық жерді су басқан. Бұл ғимараттың іргетасына зақым келтіруі мүмкін. Әзірге ешқандай жұмыс жүргізілмеді. Бүгінде растайтын құжаттарды жинап жатырмыз. ТЖД бізге өз қорытындысын бермейінше ештеңе істей алмаймыз". Іле ауданы әкімі аппаратының заң бөлімінің бас маманы Марат Ахментаев

Әкімдік өкілінің айтуынша, барлық қажетті құжаттар жиналып, 27 тамызда әкімнің "Ашық НҚА" сайтына ТЖ жариялау туралы шешімін іліп қойған.

"Ертең түске дейін ол қарастырылады. Шешімді талқылағаннан кейін біз ТЖД – ға құжаттар топтамасын жібереміз және ТЖ режимін жариялай аламыз", — деп түйіндеді бас маман.

Құжат 28 тамызға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: