Алматы қаласының Бостандық ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланбақ
Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімдігі "Алматы қаласы Бостандық ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" құжат жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай Алматы қаласындағы "Көкшоқы" шағынауданында, "Алма" тұрғын үй кешенінде және оған іргелес тұрғын үйлерде сумен жабдықтаудың болмауына байланысты қалыптасқан жағдайға орай жарияланбақ.
Құжатта бұл шешім аумақ пен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында қабылданатыны көрсетілген.
Осыған байланысты мынадай шаралар көзделген:
- инженерлік желілерді жаңғырту және қайта жаңарту;
- ықтимал осал аумақтарда су басудың алдын алу шаралары;
- жолдардың жекелеген учаскелерінде, соның ішінде тау бөктері аймағында қауіп-қатерді азайту жұмыстары.
Құжат жобасы 13 ақпанға дейін "Ашық нормативтік құқықтық актілер" порталында қоғамдық талқылауда болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript