Алатаудағы өрт: әкімдік төтенше жағдай жариялауды көздеп отыр

Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт 2025 жылғы 15 қыркүйек күні таңертең басталып, әлі күнге дейін сөндірілмей жатыр., сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2025 09:49 Сурет: Zakon.kz
Алатау қаласының әкімі "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешім әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түсіндірмеде көрсетілгендей, жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау тұрмыстық қатты қалдықтар полигонындағы өртке байланысты қабылданып отыр.

Құжаттың мақсаты – халықты төтенше жағдай жөнінде хабардар ету.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында 17 қыркүйек күні сағат 12:00-ге дейін жарияланған.

Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт 15 қыркүйек күні таңертең басталған. Дегенмен әлі күнге дейін сөндірілмеді.

Қызыл жалынды ауыздықтау жұмыстары 10 метр тереңдіктегі бықсу, өрт жүктемесі және жел бағытының өзгеруінен күрделене түсті. Полигонда жедел штаб құрылып, алты учаскеде сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Өртті толық сөндіруге қосымша Алматы, Шымкент қалаларының, Жетісу, Абай, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ТЖМ-нің Мартбек Мамраев атындағы 52859 және Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: