Алатау қаласында төтенше жағдай режимі алынып тасталуда

Алатау қаласында төтенше жағдай режимі алынып тасталуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2025 11:25 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Zakon.kz мәліметінше, Алатау қаласы әкімінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі "Алатау қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы Алатау қаласы әкімінің аппаратының шешімі дайындалды.

Белгілі болғандай, төтенше жағдай режимінің күшін жою қалыпты қызметті қайта бастауға және шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында 2025 жылғы 31 қазан күні сағат 15:00-ге дейін қоғамдық талқылауға орналастырылған.

Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі Алатау қаласында 2025 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген болатын. Бұған 15 қыркүйекте басталған қоқыс полигонындағы ірі өрт себеп болған.

Өртті сөндіру барысында 10 метр тереңдіктегі бықсып жану мен жел бағытының өзгеруі қиындық туғызған. ТЖД өрттің толық жойылғаны туралы 22 қыркүйекте хабарлады. Жалпы алғанда, төтенше жағдай режимі қалада бір жарым ай шамасында сақталды.

Өртті сөндіруге Алматы облысы, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарының ТЖ департаменттері, сондай-ақ №28237, №52859 және №68303 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің мамандары жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: