Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда заңсыз салынған кезекті көлік жуатын нысан бұзылады

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сот шешімі бойынша көлік жуу объектісін бұзудың басталғаны туралы хабарлайды., сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2024 16:05 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сот шешімі бойынша көлік жуу объектісін бұзудың басталғаны туралы хабарлайды.

Бұрын бұл нысады Қалқаман ш/а-да, Төле би көшесі (Машана), 308/54 үй, рұқсат құжаттары болмаса да меншік иесі (жеке тұлға) тұрғызған.

Басқарма Әуезов аудандық сотына нысанды бұзу жөнінде талап арыз берді.

2024 жылғы 11 қаңтарда Әуезов аудандық сотының ұйғарымымен талап қанағаттандырылды.

2024 жылғы 24 сәуір Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы шешім өзгеріссіз қалды.

​​​Нысанды бұзу Әділет департаменті сот орындаушыларының көмегімен басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері 46 заңсыз нысан, оның ішінде "Мечта", "KНАn", "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: