Елордада криминалистер бірқатар велосипед ұрлығын ашты
Сурет: Zakon.kz
Тек соңғы айда елордада криминалистер "ізін суытпай" 23 велосипед ұрлығын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана тұрғыны Skillmax велосипедін үйдің ауласында қалдырып, пәтеріне көтерілген.
Сол маңда өтіп бара жатқан қаскүнем мұны пайдаланып, трос-құлыпты кесіп, көлік құралын ұрлап кеткен. Криминалистер инновациялық технологияларды қолдана отырып, сол күні-ақ күдіктінің жеке басын анықтады.
Ұсталған кезде ер адам ұрланған велосипедпен жүрген. Полицейлер жәбірленушіге мүлкін қайтарып берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript