Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарында маңыздылығы жоғары 10 минуттық сабақ өтеді
Сурет: Telegram/oqu_agartu
Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарында жеке қауіпсіздік сабақтары пайда болады. Бұл туралы 29 тамызда ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның нақтылауынша, еліміздің барлық балабақшалары, мектептері және колледждерінде 1 қыркүйектен бастап балаларға қорғану негіздері бойынша оқыту сабақтары ұйымдастырылады. Осыған орай ҚР Оқу-ағарту министрлігі "Жеке бас қауіпсіздігі" тақырыбында 130 сабақ әзірледі.
"Мақсаты – балалардың бойында жеке қауіпсіздігі пен басқаларды қорғауға қатысты саналы және жауапты қарым-қатынас қалыптастыру, сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындау. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының айтуынша, балалардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескере отырып, сабақта балаларды ынталандыратын жайлы жағдай жасалады".ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова атап өткендей, балалардың жасы мен даму деңгейін ескере отырып, әр сабақтың пайдалы әрі қызықты өтуіне назар аударылуы тиіс. Себебі, біз балаларды қолдайтын және оларды жақсы істерге ынталандыратын орта құруға ұмтыламыз.
"Сабақ апта сайын сынып сағаты аясында 10 минут шамасында өткізіледі, бір тақырып жылына үш рет қайталанады. Сабақ барысында практикалық кеңестер, ойындар, оқытудың интерактивті әдістері, демонстрациялар, бейнероликтер және материалды барлық жастағы балалар үшін қолжетімді және түсінікті етуге көмектесетін практикалық оқытудың басқа да нысандарын қолдану ұсынылады",- деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін биыл қанша бала 1-сыныпқа қабылданғаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript