Мемлекеттік қызметшілердің коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге арналған арнайы медиастудия ашылды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2024 17:52 Сурет: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Президент Әкімшілігінің мемлекеттік қызметшілердің коммуникативтік дағдыларын жетілдіру бойынша берген тапсырмасын орындау аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қолдауымен Президент жанындағы Мемлекет басқару академиясының базасында құрылған медиастудияның ашылу шарасы өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай мен МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай қатысты.

Ашылу барысында Руслан Желдібай мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуда мемлекеттік қызметшілердің жұртшылықпен тиімді коммуникация орната алу дағдыларын үнемі дамытып отырудың маңыздылығын атап өтті.

Сурет: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Заманауи медиастудия мемлекеттік қызметшілерді оқыту әдістерін жетілдіруге әсіресе, жаңа технологияларды қолдану арқылы олардың  пікірталас, сұхбат форматында сөз сөйлеу бойынша тәжірибесін шыңдауға, оларды іс жүзінде тиімді қолдана білу қабілетін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.

Жаңа форматтағы оқыту процесін іске асыру үшін студияда Jalinga автоматтандырылған видео және графикалық бейнелерді жазу құрылғысы орнатылған, сондай-ақ YouTube, Zoom арқылы онлайн-конференцияларға қосылу, кәсіби подкаст жазу алаңы қарастырылған.

Сурет: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Шара аясында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлауға арналған цифрлық коворкинг залының жұмысы да таныстырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: