Астанада Тұран даңғылының учаскесі уақытша жабылады

жол, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2024 19:42 Сурет: pixabay
Астана қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


"Осыған байланысты 29-30 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы оң жақ съездер бойынша бағытталады". Астана әкімдігі

Әкімдік Астана тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: