Ресейде билетсіз қалып кеткен бір топ қазақстандық баланың жағдайына қатысты мәселе шешілді
Сурет: Zakon.kz
Санкт-Петербургке ұшып барып, Қазақстанға кері орала алмай, билетсіз қалып кеткен бір топ баланың жағдайына қатысты мәселе шешілді. Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алдында айтқандай, бұл жағдайға қатысты Ресей Федерациясындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Беловамен байланысқа шыққан едім. 17 адамнан тұратын топ бала әуежайдың ішкі рәсімдерінен өту қажеттілігіне байланысты рейске кешігіп қалғандықтан әуе компания күшін жойған билеттерді қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Балалар қасындағы ересек адамдарымен бірге жоспарға сай бүгін Қазақстанға ұшуы тиіс", деп жазды Динара Зәкиева Facebook-тегі парақшасында.
Өз кезегінде ол Ресей Федерациясының балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Мария Львова-Беловаға қиын мәселе шешімін табуда көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript