Зәкиева Алматыдағы бала өлімі туралы: Өгей әкенің үстінен бір ай бұрын шағым түскен
Сурет: Facebook/dinara.zakiyeva
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматыда көз жұмған 4 жасар баланың оқиғасына қатысты тың мәліметтер ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Марқұм баланың апасы мен әкесіне қайғырып көңіл айтамын. Әу баста, мен баланың апасымен байланыста болған едім. Оның айтуынша, баланың өліміне анасымен бірге тұратын 19 жастағы ер адамның қатысы болуы мүмкін. Қазір ол қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 3-бөлігі, яғни "Кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды", деп жазады ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Facebook-тегі парақшасында.
Сондай-ақ ол бір ай бұрын баланың әкесі баланы анасымен бірге тұрып жатқан ер адам сабап, қатыгездік танытқаны туралы шағымданғанын баса атап өтеді. Учаскелік полицей шағым бойынша баланың анасын шақырып, онымен сөйлесіп, мұның барлығы әкенің ойдан шығарғаны дегеніне сенген.
"Ол фактіні дұрыстап тексермеген, уәкілетті органдарды бұл жайынан хабардар етпеген. Қазір аталған факт бойынша учаскелік полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ тергеу барысында анасының, апасының және анасының ағасына қатысты жауапкершіліктер нақтыланатын болады. Жаңа ғана біз хаттама тәртібін түсіндіру үшін еліміздегі барлық учаскелік полицейлермен кездесу өткізу туралы ІІМ-мен келісімге келдік", - дейді Динара Зәкиева.
Айта кетсек, 25 қыркүйекте әлеуметтік желіде Алматы қаласының Наурызбай ауданында өгей әкесі төрт жасар баланы өлтіргені туралы ақпарат тарады. Полиция бұған қатысты түсініктеме беріп, күдіктінің қамауға алынғанын нақтылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript