Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысындағы бала өлімі – жергілікті жерлерде профилактика жүйесінің жоқтығының тағы бір дәлелі

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2023 21:54 Сурет: Facebook/Dinara Zakiyeva
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Түркістан облысындағы қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысында 5 жасар қызбен және Алматыда 7 жасар қызбен болған екі қайғылы оқиға – жергілікті жерлерде профилактика жүйесінің жоқтығының тағы бір айқын дәлелі, деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

"Күн сайын балаларға қатысты 6 қылмыс жасалады. 70% жағдайда бұл көмектің уақтылы көрсетілмеуі мен профилактика болмауының салдары. Қазір жұмыс негізінен тек салдарлармен ғана жүргізіледі. Бұл екі жағдайда қайғылы оқиғалардың алдын алуға болатын еді.Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасымен қазіргі ахуалды жүйелі түрде түзету үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп инфрақұрылым мен бала құқықтары бұзылуының алдын алу құралдарын құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз". ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева

Атап айтқанда:

  1. Отбасымен жұмыс істеуді үйлестіру жөніндегі функцияларды кеңейтіп, заңнамалық түрде Еңбекмині мен әкімдіктердегі Әлеуметтік қорғау басқармаларына бекіту бойынша. Аталмыш басқармалар Отбасын қолдау орталықтары мен мобильді топтар арқылы учаскелік бөлімшелермен қағазбастылықсыз тығыз байланыста жұмыс істеуге, ақпаратқа жедел әрекет етуге және қажет болған жағдайда азаматтарға, отбасыларға, балаларға барлық қажетті бейіндік қызметтер мен басқармаларды (білім беру , денсаулық сақтау және т.б.) тарта отырып, атаулы кешенді көмек ұйымдастыруға тиіс.

Бұл неліктен маңызды?

  • қазір әкімдіктерде барлық қажетті қызметтерді тарту арқылы профилактиканы ұйымдастыруға, отбасымен, балалармен уақтылы жұмыс істеуге, бұрын сотталған адамдарды оңалту мен қайта әлеуметтендіруге және т.б. жауапты үйлестіруші басқарма жоқ.
  • заңда медициналық-әлеуметтік есепке алу туралы норма бар, ол көмекке мұқтаж, ҚӨЖ-дағы отбасылар мен балаларды анықтап, оларға көмектесуді ұйымдастыруды көздейді. Алайда, бұған жауапты мемлекеттік орган әлі анықталмағандықтан, аталмыш заң жұмыс істемейді.


2. Шұғыл көмекке мұқтаж, ҚӨЖ-дағы отбасылар мен балаларды анықтап, көмек ұйымдастыру жөніндегі мобильді топтарды заңнамалық тұрғыдан бекітумен (учаскелік полиция, Отбасын қолдау орталықтары мен әкімдік басқармаларының жедел өзара іс-қимылы);

3. Еліміздің 152 ауданында Отбасын қолдау орталықтарын ашумен. Оларда отбасыларға әлеуметтік, құқықтық, психологиялық көмек, учаскелік қызметтермен бірге сүйемелдеу жүргізілетін болады. Қазір мұндай орталықтар 220 ауданның 78-інде ғана бар. Сондай-ақ, қазір жұмыс істеп тұрған орталықтардың да жұмысын реттеу керек.

4. Балалар да, ересектер де білетін және кез келген уақытта көмек сұрай алатын бірыңғай МЕМЛЕКЕТТІК анонимді сенім телефонын/байланыс орталығын құрумен (АҚШ-тағы 911 сияқты). Қылмыстарды тергеу кезінде 60% жағдайда баламен, отбасында не болып жатқанын естіген/білген, бірақ хабарлауға қорыққан не араласқысы келмеген адамдардың болғаны анықталады. Әрине, жағдайлар мен хабарламалардың бәрін мемлекеттік органдар тексеруі керек. Жалған қоңыраулар да болады. Бірақ тағы бір рет тексеріп, қажет болған жағдайда бақылауға алу немесе көмек көрсету артық болмас.

5. Электрондық әлеуметтік картаны ІІО қызметкерлеріне әкімдіктің жауапты құрылымдарының назарына мұқтаж ҚӨЖ-дағы балалардың, отбасылардың жағдайы туралы мәліметтерге ақпарат, толықтырулар, түзетулер енгізу мүмкіндігін беру арқылы ҚР ІІМ есепте тұрған қолайсыз отбасылардың интеграцияланған деректер банкімен интеграциялау бойынша.

6. Заңнамаға балалардың қауіпсіздігі мен жазаның бұлтартпастығы мәселелеріне қатысты өзгерістер пакетімен жұмыс істеп жатырмыз. 30% қылмыс тараптар татуласуымен жабылып жатады, олар кейін ауырырақ қылмыстарға әкеледі. Бұл жұмысты Парламентпен күзде бастаймыз деген үміттемін.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қыздарды өмірге қайтару мүмкін еместігі мен осы қайғылы оқиғалардың алдын алуға болушы еді деген ой жүрекке тым ауыр екенін айтады.

"Мен уәкілетті органдарға уақытында ақпарат беріп, әрекет етуі керек қызметкерлердің жауапкершілігі туралы мәселені көтеріп жүгіндім. Қыздардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын.Жақын арада жоғарыда жазған шешімдерді енгізіп, оң өзгерістерді көре аламыз деген үміттемін". ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева

13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында зорлық-зомбылық өлім белгілері бар қыздың денесі табылды. Сол күні полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған аудан тұрғынын ұстады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр.

Қайғылы жағдайға байланысты ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеме жасады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: