Астанада ауруханадан алтын ұрлаған тағылымдамадан өтуші анықталды
Сурет: Zakon.kz
Елорда тұрғыны жұмыс орнында алтын бұйымдарының ұрланғаны туралы арызбен полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданының ПБ қызметкерлері аталған мекемеде техникалық қызметкер болып тағылымдамадан өтіп жатқан 20 жастағы жігітті анықтады.
Ол кешкі ауысым кезінде қызметкерлердің киім ауыстыратын бөлмесінде куәгерлердің жоқтығын пайдаланып, медбикенің шкафынан алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.
Ұрлықтан келген материалдық шығын 960 мың теңгеден асады. Келесі күні күдікті өнімді ломбардқа өткізгені анықталды.
Полиция қызметкерлері заттай айғақтарды тәркіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript