Мұғалім Астананың білім басқармасын сотқа берді
Сурет: рixabay
Астанада тарих пәнінің мұғалімі өз құқығын қорғау үшін сотқа шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 3 қыркүйекте Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді. Ақпаратқа сүйенсек, Астана қаласының Білім басқармасы тарих пәні мұғаліміне "мұғалім-модератор" біліктілік санатын беруден бас тартқан.
"Педагогтерді аттестаттау бес жылда бір реттен кем емес өткізілетіндігі негізге келтіріліп, арыз қанағаттандырылмаған. Ұсынылған еңбек кітапшасына сәйкес арыз иесінің бес жылдық мұғалімдік өтілі болмаған. Бұл шешіммен келіспеген мұғалім қорғау үшін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жүгінген",- делінген сот хабарламасында.
Істі қарау кезінде сот келесі жайтты анықтады. Педагогтерді аттестаттау ережелері мен талаптарына сәйкес біліктілік санатын беруге өтінішті екі жылдан кем емес педагогикалық өтілі бар тұлғалар бере алады. Талап қоюшының еңбек өтілін зерделеу оның екі жылдан астам мұғалімдік тәжірибесі бар екенін растады.
"Сот талап қоюшының біліктілік санатын көтеруден бас тартуға заңды негіздер жоқ деген қорытындыға келді. Аттестаттау комиссиясының хаттамасы заңсыз деп танылып, күші жойылды. Ол заңдылықтың негізгі қағидасын бұза отырып шығарылған, өйткені заңда екі жылдық жұмыс өтілі туралы талап тікелей қарастырылған. Мұғалімнің санатты жоғарылату құқығы қалпына келтірілді". ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметі
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript