Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада арнайы автобустар жүреді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада арнайы автобустар жүреді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2024 18:29 Сурет: gov.kz
Астанада 8-13 қыркүйек аралығында 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Қала бойынша арнайы автобустар іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыс кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін бірнеше орыннан жүретін арнайы автобустар іске қосылады:

  • "Астана Арена" тұрақ аймағы
  • "Бас мешіт" тұрақ аймағы
  • "ЕХРО" тұрақ аймағы
"Астана тұрғындары мен қонақтарын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу орындарына қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 15 қыркүйекті қоса алғанда №18, 37, 303, 323 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді. Елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", - делінген Астана әкімдігі таратқан хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: