Астанада тағы бір көше жабылды
Сурет: Zakon.kz
Керей-Жәнібек хандар көшесінің Ә.Бөкейхан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі аралығындағы учаске жол жөндеу жұмыстарына байланысты 4 қыркүйекте сағат 20:00-ден 5 қыркүйекте сағат 17:00-ге дейін толығымен жабық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ хабарлауынша, бұл ретте автокөліктердің іргелес көшелер бойынша айналып өту схемасы ұйымдастырылатын болады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.
Айта кетсек, 4 қыркүйекте Астанада кейбір жолдар жабық болатыны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
