Ақмола полицейлері өзгенің көлігін ұрлап кеткен үш жасөспірімді ұстады

Ақмола полицейлері өзгенің көлігін ұрлап кеткен үш жасөспірімді ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2024 09:48 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысының полицейлері жеке үйдің аумағынан өзгенің көлігін ұрлап кеткен үш жасөспірімді ұстады

2024 жылғы 24 маусымда Целиноград ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан өзіне тиесілі жеке үйдің аумағынан Subaru Legacy автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Келтірілген шығын сомасы 1 млн 200 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа күдіктілерді анықтады.

Олар жақын ауылдардың бірінің 16 жастағы үш тұрғыны болып шықты. Полиция осы факті бойынша тергеп-тексеруді бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: