Жаңалықтар тізбегі
0

"Қазақстандықтарға 144 мың теңгеден өтемақы төленуге тиіс" - фейк

Тенге, деньги, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2024 10:37 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Instagram-да Қазақстан тұрғындарына өтемақы төленетіні туралы фейк жарнама тағы да таралуда. Қаржы министрлігі халыққа көмек көрсету бағдарламасын іске қосты, енді әрбір ҚР тұрғынына 144 мың теңгеден басталатын біржолғы төлем төленеді екен. Бұл жалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде төлемдер туралы жалған хабарламалар жиі жарияланады. Олардың барлығы бір алаяқтық схема бойынша құрылады: ақша берілетіні айтылып, жалған сайтқа кіріп, тексеру үшін жеке деректерді жазу ұсынылады.

Егер төлемдер шынымен төленетін болса, бұл туралы ақпарат мемлекеттік органдардың ресми порталдарында орналастырылатын еді. Бұл жағдайда киберқылмыскерлер ҚР Қаржы министрлігінің атын жамылып отыр. Ведомствоның ресми сайтында өтемақы туралы ақпарат жоқ. Қаржы министрлігінің Facebook және Instagram-дағы ресми парақшаларында 144 мың теңгеден басталатын төлемдер туралы жаңалық шықпаған, деп жазады Stopfake.kz басылымы.

Күмәнді сілтемелер арқылы өтіп, деректеріңізді белгісіз сайттарда қалдырмаңыздар. Осылайша, ақшаңыздан айырылуыңыз мүмкін.

2024 жылғы тамыз айының басында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ) Қазақстан халқына үндеу жолдады. Бұдан кейін басқарма азаматтарға 140 мың теңге көлемінде бір реттік төлем туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: