Жаңалықтар тізбегі
0

СҚО-да полиция қызметкерлері вейп сатқандарды ұстады

СҚО-да полиция қызметкерлері вейп сатқандарды ұстады  , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2024 11:24 Сурет: ҚР ІІМ
Солтүстік Қазақстанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мақсатты жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз вейп сатумен айналысқан күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавл қаласы Жұмабаев көшесіндегі үйдің ауласында 24 жастағы қала тұрғыны мен Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғыны ұсталды.

Қала тұрғынына тиесілі Mazda автокөлігінен 26 вейп тәркіленді. Полицейлердің айтуынша, жастар бұл өнімдерді Telegram арқылы сатқан.

Осы қылмысқа қатысы бар күдікті 18 жастағы Петропавл тұрғыны Lada автокөлігімен қала ішінде келе жатыр деген ақпарат алды. Кейін ол Пушкин көшесіндегі үйлердің ауласында ұсталды. Полиция қызметкерлері көліктің жүк салғышынан 154 вейп тәркіледі.

"Шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейп), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Еске салайық, вейптердің айналымына тыйым салу осы жылы енгізілген болатын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабының санкциясына сәйкес күдіктілерге 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлдан 50 тәулік мерзімге қамауға алуға дейін жауапкершілік қарастырылған", – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Рахат Нұрахметов.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: