Халықаралық штаб АЭС салуды қолдап отыр
Фото: pixabay
Құрамына 6 саяси партия мен 250-ге жуық өкілі бар 20 республикалық қоғамдық бірлестік кірген Халықаралық штаб АЭС салуды қолдап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәжіліс спикері, "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың жетекшілігмен өткенде жиында АЭС-тің ел экономикасына тигізетін пайдасы талқыланды.
АЭС елдегі энергетикалық тапшылықты жойып, ірі өндіріс орындарының ашылуына сеп болады, деп жазады qazaqstan.tv.
Ғалымдардың пайымдауынша, алдағы 10 жылда ел тұрғындарының 30 пайызы жарықсыз қалуы мүмкін.
Сондықтан қазірден бастап әрекет еткен жөн.
"Бүгінгі таңда энергетикалық тәуелсіздік алдыңғы қатарға шығып отыр. Өйткені энергия экономикамыздың күре тамыры. Қазірдің өзінде елімізде энергия тапшылығы айтарлықтай сезілуде. Электр энергиясын көрші елдерден импорттауға мәжбүр болып отырмыз. Бізге осы түйткілдердің бәрін шешуге таза, тұрақты, қауіпсіз, сарқылмас қуат көзі керек. Оны АЭС қана бере алады." Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript