Автокөлік пен мопед ұрлаған астаналық екі жасөспірім ұсталды
Сурет: polisia.kz
Астананың Сарыарқа ауданы полиция бөлімі қызметкерлері Mercedes автокөлігін және мопедті айдап әкетуге қатысы бар екі жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түнде көшеде жүргенде жастар кіреберісте тұрған мопедті байқаған. Көлік құралының қараусыз тұрғанын пайдаланып, олар мопедті ұрлап әкетіп, ұлдардың бірінің үйіне жасырған.
Кейінірек жеке сектор аумағында олар аулада тұрған Mercedes автокөлігін байқаған. Көліктің кілттері салонда болған, бұл жасөспірімдерге оны оңай иемденуге мүмкіндік берді. Алайда көшеде көлік құралы техникалық жағдайына байланысты істен шыққан. Көлікті тастап, жасөспірімдер мопедке оралып, әрі қарай оны жүргізудң жалғастырған.
Жедел іс-әрекеттер нәтижесінде кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды. Олар ата-аналарының қадағалауына тапсырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript