Шекара маңындағы бизнес: тыйым салуды айналып өтіп, арзан қазақстандық ЖЖМ елден қалай шығарылады
Бизнес-идея қарапайым, ЖЖМ бағасының айырмашылығына негізделген, оның тәртібі қазір, келесідей (мысалы, тиісінше АИ-92 және дизель отынына, теңгеге есептегенде):
- Қазақстан — 205 және 295;
- Ресей — 282 және 350;
- Қырғызстан — 381 және 425;
- Өзбекстан — 493 және 550.
Жүк көліктеріне ҚР – дан мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйым салудың мерзімі ұзартылып жатқанымен, бұл заңды айналып өтіп, айына ондаған мың тонна ЖЖМ экспортталады. Редакцияда Республика бойынша нақты статистика әзірге жоқ. Дегенмен, бізге қол жетімді бір аймақтың мысалымен келтірдік.
Мәселен, шекара маңындағы (Қырғызстанмен) Жамбыл облысы Энергетика министрлігінің деректері бойынша айына 13 мың тонна АИ-92 бензинін тұтынады. Алайда, салалық дереккөздердің деректері бойынша, Жамбыл облысының алушыларына ай сайын осы маркадағы 26-27 мың тонна бензин жөнелтіледі.
Жөнелтілген отынның жартысы қайда кетеді?
Ол экспортталады.
Желіде шекаралардағы автомобильдердің ұзын кезектері бар бейнелерді табу қиын емес. Мысалы, ҚР-дан Қырғызстанға өткізу пунктінен алынған бейне (блогер Талғат Итаевтың фильмі, 7:40-тан бастап қарау керек). Бірақ бұлар, оның сұхбаттасушысының әңгімесіне қарағанда барлығы дерлік саяхатшылар емес. Жәй ғана жанармай сатушылар. Қазақстаннан жанармай құйып, Бішкекке барар жолда бөтелкелерге құйып сатады.
Басты сұрақ: тыйым салынғанына қарамастан, адамдар бензинді қалай экспорттай алады?
Қараңызшы, ҚР-да мұнай өнімдерін әкетуге кезекті уақытша тыйым салу 2024 жылғы 29 наурыздан бастап (жарты жыл мерзімге) қолданылады. Бұл ЭМ, ҰҚК, Қаржы министрлігі және ІІМ басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітілген.
Бұл ретте бұйрықтың 3 тармағында арнайы ескертіледі:
"ҚР Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тауарларды автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытта көзделген стандарттарға сәйкес келмейтін бензин бактарында әкету жағдайларына жол бермеу жөнінде жәрдем көрсетсін".
Біз екі қорытынды жасаймыз: жанармай сатушылардың әрекеттері ресми түрде заңды. Ол жерде ұзақ жолға шығар алдында жанармай толтыру туралы айтылған. Бірақ, оны былай шыққанда сатуға тыйым салу туралы айтылмаған. Олар осы себептен де, бұл үрдісті күнделікті жұмысқа барғандай етіп, қалыптастырып алған.
Екінші қорытынды: "трейдерлер" арасында 80 литрлік екі цистернасы бар ескі жол талғамайтын көліктердің иелері ғана емес. Сондай-ақ, тіпті "өндіруші ұсынған" бензин цистерналарымен жабдықталмаған, одан үлкенін салып алған автокөліктер де бар.
Ретке келтірудің бірнеше жолдары:
Шекаралас аудандарда автомобиль отынына әлеуметтік карталарды енгізу және белгілі бір лимит шегінде оны жеңілдетілген (қазіргі) бағамен сатып алу, ал одан асқан жағдайда – көршілердікі тәрізді қымбат бағамен сату.
Шекарадан өту кезінде бакта отын тасымалдауға ең жоғары квотаны белгілеуге болады. Мәселен резервуардың үштен бір бөлігі. Кімде көп болса — шекарадан өткізбеген жөн.
Бастысы, ерте ме кеш пе біздің де бағалар көршілердікіндей болатынын естен шығармау керек.