СҚО-ның үш ауданының тұрғындарына ықтимал шектеулер туралы ескертілді
Сурет: akorda.kz
Солтүстік Қазақстан облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы 2024 жылғы 10 қыркүйекте СҚО Тимирязев, Ғ.Мүсірепов және Шал ақын аудандарында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізілетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпаратқа сәйкес, терроризмге қарсы оқу-жаттығуларды өткізу 10-12 қыркүйек аралығында келесі аумақтарда жоспарлануда:
- Тимирязево ауданы Тимирязево ауылы (10 қыркүйек 10.00 ден 18.30-ға дейін),
- Ғ.Мүсірепов ауданы Новоишимское ауылы (11 қыркүйек 10.00 ден 18.30-ға дейін),
- Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы (12 қыркүйек 10.00 ден 18.30-ға дейін).
Ведомство іс-шараның мақсаты — құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру екендігін айтты. Аталған жаттығулар әртүрлі қиындық элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын болады.
"Осыған байланысты азаматтарды жүргізіліп жатқан іс-шараларға автокөлік пен халықтың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз. Қала, ауыл тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, жалған ақпараттың халық арасында таралмауына жол бермеулеріңізді сұраймыз". Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық жедел штабы
Бұған дейін Ақтөбе облысында қызғаныштан әйелін пышақтап өлтірген ер адам 11 жылға сотталғаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript