Астанада лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Астанада антитеррорлық оқу-жаттығу операциясы өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2023 09:16 Сурет: іnstagram/mangistaupd
27-28 шілдеде Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының мұрындық болуымен Астанада лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штаб жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының лаңкестік көріністерге жедел ден қою тапсырмаларын орындауға дайындығын тексеру.


"Шектеу шараларын енгізу, оның ішінде жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалысына қатысты да қарастырылған. Оқу-жаттығу әртүрлі күрделілік элементтері бар нақты ұрыс жағдайларына барынша жақын." Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штаб

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Елордалық жедел штаб жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларын түсінуге, қауіпсіздік шараларын сақтауға, тартылған мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырады.

Бұған дейін 24 наурызда қалада лаңкестікке қарсы "Найза-Антитеррор-2023" оқу-жаттығулары өткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: