Бүгін Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Бүгін Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2023 09:14 Сурет: akorda.kz
Астанада лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі елордалық штаб жоспарлы түрде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Штаб өзінің лаңкестік әрекеттерге жедел ден қоюға қаншалықты дайын екенін тексереді.

Іс-шараның мақсаты – жедел штабтың күштері мен құралдарының лаңкестік көріністерге шұғыл ден қою бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеру.

"Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз", - делінген штаб хабарламасында.

Бұған дейін Астанада 27-28 шілдеде осындай оқу-жаттығулар өткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: