Қызылордада бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті құрықталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2024 11:23 Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысында полиция бірнеше мәрте ұрлық жасап, бөтеннің көлігін айдап кеткен 19 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлерге жергілікті тұрғын үйінің жанында тұрған Mercedes көлігінің ұрланғанын айтып, арызданған. Түскен арыз бойынша дереу бағыт-бағдар беріліп, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде көлікті айдап кеткен 19 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері көлік ұрлаған азаматтың пәтер және бөтеннің мүліктерін ұрлағанын анықтады.

Әккі ұры оңтайлы сәтті пайдаланып, көпқабатты үйлердегі пәтерлердің бірінің есігін бұзып кіріп, ақша және алтын бұйымдар ұрлаған.

Бұдан бөлек, азық-түлік дүкеніне жасаған ұрлығы да дәлелденіп отыр. Тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: