Ақмола облысында бюджет қаражатын ұрлағаны үшін бухгалтер сотталды

Тенге, деньги, коррупция, взятка, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2024 10:40 Фото: Zakon.kz
Целиноград ауданының прокуратурасы білім бөлімін тексеру барысында жалпы сомасы 5,8 млн теңгеге бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.

Мекеменің бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жалған құжаттар жасағаны және шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз есептеген фактілерін жасырғаны анықталды.

ҚК 190-б. 3-б 1-т. сәйкес, осы факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, пробациялық бақылау белгіленіп, 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.

Залал сомасы мемлекет бюджетіне қайтарылды. Ақмола облысының прокуратурасы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: