Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция интернет-алаяқтардың 4 call-орталығын жойды

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2024 12:46 Фото: pexels
ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері Алматы қаласында төрт call-орталықты жойды.

Интернет-алаяқтар шетелге, соның ішінде Иран, Үндістан, Қытай, АҚШ және Малайзия азаматтарына қоңырау шалып, оларға "жоқ" инвестициялық мәмілелер жасауды ұсынған.

47 шетел азаматы, сондай-ақ Қазақстанның 5 азаматы ұсталды. Олардың шетел азаматтарына 2 мыңнан астам қоңырау шалғаны анықталды.

Тінту барысында 1,5 мыңнан астам телефон, 57 ноутбук пен компьютер, мыңнан астам sim-карта тәркіленді. Қазіргі уақытта ұсталғандардың қазақстандықтарға қатысты интернет-алаяқтық жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ішкі істер министрлігі алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтарды қырағы болуға шақырады. Қарапайым сақтық шараларын сақтауды ұмытпаңыздар. Сізге мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жіберілетін күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.

Егер сілтеме бойынша өтіп қойсаңыз, онда мессенджеріңізді қосылып тұрған басқа құрылғылардан ажыратыңыз. Бейтаныс абоненттердің бейнеқоңырауларына жауап бермеңіз. Егер біреу телефон арқылы несие ресімдеуді, мүлікті сатуды немесе ақшаны "қауіпсіз" шотқа аударуды ұсынса – сенбеңіз.

Құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлері мұндай операцияларды ешқашан телефон арқылы жүргізбейді. Жеке деректеріңізді, банк картасының жарамдылық мерзімін, CVV-кодын ешкімге бермеңіз. Күмәнді инвестициялық жобаларға ақша салмаңыз.

Инвестиция жасамас бұрын қор нарығын және жобаның өзін мұқият тексеру қажет. Телефоныңызға қосымшаларды орнату үшін тек ресми AppStore және PlayMarket платформаларын пайдаланыңыз. Өзіңізге және жеке ақпараттарыңызға мұқият болыңыз! Полиция әрқашан жаныңызда! Алайда көп нәрсе сіздің қырағылығыңызға байланысты екенін естен шығармаңыз! – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: