Қазақстан Үкіметі су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді

Қазақстан Үкіметі су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 10:08 Сурет: pixabay
Президенттің су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Үкімет резервінен батиметриялық зерттеулер жүргізуге шамамен 576 млн теңге бөлінді.

Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Бөлінген қаражат Су ресурстары және ирригация министрлігіне бағытталады. Қаржыландырудың негізгі бөлігі жабдықтар мен техникалық жарақтарды сатып алуға, сондай-ақ зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтерге арналатын болады.

Атап айтқанда, қаражатты "Қазсушар" ШЖҚ РМК "Су метрология" филиалына тікелей еліміздің солтүстік, батыс және орталық өңірлерінің су тасқыны қаупі бар учаскелеріне батиметриялық түсірілім жүргізуге бағыттау жоспарланып отыр.

Республикалық маңызы бар су қоймаларына батиметриялық зерттеу жүргізуді қоса алғанда, жұмыстар 2025 жылы жалғасады.

Алынған деректер ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-ға су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесіне енгізу үшін беріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: