Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті оңтүстік өңірдің қылмыстық жетекшісінің ұсталғанын хабарлады

ҰҚК қылмыскерді ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2024 12:03 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
2024 жылдың тамызында ҰҚК материалдарының негізінде Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аймақтағы қылмыстық ортаныңжетекшілерінің біріне үкім шығарды.

ҰҚК мәліметінше, ол кісі өлтіруге әрекеттенді деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Көрсетілген қылмыстық іс бойынша тергеудің тағы бір қатысушысы сот шешімін күтуде.

Жалпы, ү.ж. басынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп және Бас прокуратураның үйлестіруімен республиканың бірқатар өңірінде 15 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты.

"60 адам, оның ішінде деструктивті діни ағымдардың өкілдері, жергілікті және шетелдік қылмыскерлер, сондай-ақ жазасын өтеп жатқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды." ҰҚК баспасөз қызметі

Олар кісі өлтіруге әрекеттенді, қылмыстық топты басқарды және оған қатысты, қарақшылық жасады, бопсалады, есірткіні заңсыз сақтады, қару-жарақпен айналысты, адамды ұрлады, сондай-ақ заңсыз құмар ойындар бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен айыпталуда.

20-дан астам атыс және жарақат салатын қару тәркіленді.

Қылмыстық топтардың 5 қатысушысы сот органдарының шешімімен түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.

Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер мен сот процестері жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: