Астанада Қорғалжың тас жолының бір бөлігі уақытша жабылды
Сурет: Zakon.kz
Астанада Қорғалжын тасжолының Тұран даңғылына жақындаған тұсындағы жол учаскесі екі күнге жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы оң жағындағы жол төсемінде жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлайды.
"Осыған байланысты 14-15 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады", делінген басқарма хабарламасында.
Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы мына схемаға сәйкес ұйымдастырылады.
"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз" деп ескертіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
