Алматыда қуыршақтар шеруі өтті

Алматыда қуыршақтар шеруі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2024 09:15 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Абай алаңы мен Тұңғыш президент саябағында қуыршақтар шеруі өтті. Ертегі кейіпкерлері Қала күнін мерекелеуге келген азаматтарды таңқалдырды. Әсіресе, балақайлар жарыса суретке түсіп, қуанышқа бөленді.

Мереке аясында Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының бойтұмары болып табылатын "Қуыршақ думан" атты ерекше концерттік қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Қойылымда Роза Бағланова, Майкл Джексон және Фаррух Закиров сынды танымал тұлғалардың бейнесіндегі қуыршақтардың өнер көрсетіп, халықты тамсандырды.

Сонымен қатар, негізгі мерекелік орындарда қуыршақ жасау шеберлерінің қатысуымен "Өнер бесігі – Алматы" атты қуыршақ жасау және басқару бойынша танымдық шеберлік сағаттар өткізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: