Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады
Сурет: Zakon.kz
Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып табылмайтын тұлғаға заңсыз аударған.
"Негізсіз аударылған қаражат сомасы 40 млн теңгені құрады, істің қатысушылары ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа берілді." Ақмола облысының прокуратурасы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript