Ұлытау облысының прокуратурасы балалар құқығын қорғады
Тексеру қорытындысы бойынша Р.Ж.Садықова 2018 жылы шаруа қожалығының иесі ретінде мал бағу қызметкерлеріне төленетін жалдау ақысын үнемдеу мақсатында "Орталықтан қиын өмірлік жағдайға тап болған 3 кәмелетке толмаған балаларды патронатқа алғаны анықталды (2 ағайынды ұл бала және қыз бала).
Р.Ж.Садикова заң талаптарын елемей және патронаттық келісімнің міндеттерін орындамай балаларды ауыр үй шаруасымен айналысуға, сондай-ақ Жезқазған аумағында металл сынықтарын жинауға мәжбүрлеген.
Егер, бағынбау және жұмысты сапасыз атқарған жағдайда Р.Ж.Садикова балаларды жүйелі түрде ұрып-соғу арқылы физикалық және психикалық азапқа ұшыратқан.
Жоғарыда аталған фактілердің барлығы сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы барысында расталды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 2024 жылғы 11 шілдедегі үкімімен Р.Ж.Садикова кәмелетке толмағандарды азаптау және қорғаншы өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.