Жаңалықтар тізбегі
0

Желідегі керемет видео: Алматының тауларынан Ай сығалап қарады

Ай, толған Ай, Алматы таулары, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2024 21:44 Сурет: Instagram/dots_foto
Белгілі алматылық фотограф Дмитрий Доценко қыркүйек айында толған Айдың, онда да Алматы тауларының үстінен төніп тұрған сәтін түсірген видеосымен желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео Instagram-да жарияланды.

"Қыркүйекте толған Айды суретке түсірдім. Түсірілім техникасына әбден басымды қатырдым, ақыры "супер детальды таймлапс" жасадым. Бұл Алматы тауларындағы Жас геолог шыңының маңы. Айдың енді шыққан сәті. Жалпы, Айды тамашалап, оны көптеген жыл бойы суретке түсіріп келемін. Әр жолы өзімше ізденіп, түсірілім сапасын жақсартуға тырысамын. Қысқасы, бағаларыңызды бере отырыңыздар", – деп жазды фотограф видео сипаттамасында.

Желі қолданушылары Доценконың жұмысына тәнті болып, өз таң қалыстарын жасыра алмады.

  • Бүгін Ай сондай сұлу. Менің тереземнің қарама-қарсысында жарқырап тұр. Смартфон жарамайды-ау, мына сұлулықты түсіруге. Бірақ, Дмитрий, сіздің арқасында біз көп ұзамай Айдағы адамдарды көретін секілдіміз)
  • Қандай тамаша! Қол созым жерде тұрғандай Ай...


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: