Ай мен Шолпан Көк Төбе төрінде: Алматы аспанындағы ғажайып көрініс
Сурет: Instagram/dots_foto
Алматылық танымал фотограф Дмитрий Доценко 2026 жылғы 14 қыркүйек кешінде жас Айдың Шолпанға жақындаған сәтін түсіріп, әсерлі кадрларды Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Доценконың айтуынша, бұл – биылғы жылы Шолпан мен Айдың бір-біріне ең жақын орналасқан сәті. Кейбір елдерде тіпті Ай Шолпанды толық жауып қалған.
"Алматыда олар кешкі аспанда тоғысты. Бұл құбылысты қаламыздың символы – Көк Төбе телемұнарасы аясында түсіру үшін арнайы нүктені есептеп таңдадым. Өте әдемі, тіпті сиқырлы көрінді", – деді Дмитрий Доценко.
Суретті көрген желі қолданушылары да өз әсерлерін бөлісті:
- Дағыстан тауларында да жақсы көрінді.
- Шедевр! Әдеттегідей.
- Керемет түсірілім.
- Сөзбен айтып жеткізгісіз! Бірде мұны көзбен көру бақыты бұйырған еді. Есте қалыпты.
- Мен де кеше көрдім, бірақ оның Шолпан екенін білмедім.
- Дәл сол уақытта ұшақта ұшып бара жатқан едім, өте әдемі болды, – деп жазды пікір қалдырушылар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript