Қазақстанда қызыл балық пен уылдырық бағасы өсуі мүмкін
Камчатка өлкесіндегі лосось өндірушілер қауымдастығының мәліметтері бойынша, 2024 жыл сәтсіз болды. Егер 2023 жылы Қиыр Шығыста шамамен 600 мың тонна балық ауланса (тек Камчаткада шамамен 490 мың тонна), биыл тек 200 мың тонна балық ауланады.
Бүкіл аймақтағы жағдай бірдей. Приморье балық шаруашылығы кәсіпорындары қауымдастығының президенті Георгий Мартыновтың айтуынша, бұл су биоресурстарының өмір сүру заңдылықтарымен түсіндіріледі: бірнеше жылдағы мол аулау шаралары құлдырауға алып келді.
"600 мың тонна лосось аулаудың жоғары жүктемесінен кейін, көлемнің төмендеуі заңдылық. Бұл ғылым, бұл табиғат, барлығына түсінікті жағдай". Георгий Мартынов
Қалай болғанда да, биыл әлемде қызыл балық аз болады, демек оның бағасы кем дегенде 15-20%- ға өседі, дейді сарапшылар.
Әрине, қызыл балық өндірудің жаһандық төмендеуі Қазақстандағы балық дүкендерінің сөрелерінде де көрініс табады.
Айта кетейік, елімізде жыл сайын 90 мың тоннаға дейін балық өнімдері сатылады. Қазақстанда 1000-нан астам балық шаруашылығы субъектілері жұмыс істейді, оларға 2000-ға жуық балық шаруашылығы су айдындары мен олардың учаскелері бекітілген. Салада 11 мыңнан астам адам қызмет атқарады.
Елдің табиғи су қоймаларында жыл сайын шамамен 40-45 мың тонна балық ауланады, ал өсірілген балықтың көлемі шамамен 15 мың тоннаны құрайды және бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. Біз шетелге, соның ішінде Еуропаға 30 мың тоннаға жуық өнім импорттаймыз.
Қазақстанда балықтың лосось тұқымдары өндірілмейтіні түсінікті, сондықтан біз жыл сайын шамамен 41 мың тонна балық өнімдерін, негізінен мұхиттық және теңіз балық түрлерін әкелеміз. Тек Ресей Қазақстанға 12-ден 13 мың тоннаға дейін түрлі балық жеткізеді.
Біз сибасты Түркиядан, Нидерландыдан және Франциядан сатып аламыз. Балық өнімдері мен скумбрияны-Даниядан, Исландиядан, Норвегиядан және Ұлыбританиядан алдырамыз. Поллок, лосось, майшабақ, форель – Ресейден, Норвегиядан, Қырғызстаннан, Эстониядан және Чилиден келеді.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша Қазақстан жан басына шаққандағы балық аз тұтынылады. Мәселен, егер ДДҰ бір адамға жылына кемінде 16 килограмм балық өнімін тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 4 килограмнан аз. Өз кезегінде көршілес Ресей мен Қытайда бір адамға тиісінше 20-40 килограмм тұтынылады.
Оқи отырыңыз