Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Лампочка, лампочки, свет, отключение света, электричество, электроэнергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2025 14:56 Фото: unsplash
Алматы қаласы мен Алматы облысында 2025 жылдың қазан айынан бастап электр энергиясының тарифі өзгеруі ықтимал. Қазіргі 31,85 теңге/кВт орнына баға 38,01 теңгеге дейін өсуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kazinform мәліметінше, тарифті көтеру туралы өтінішті "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ филиалы – "ЭнергоСбыт" берген. Осыған байланысты Алматы қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаменті қоғамдық тыңдаулар өткізді.

"Біз 2025 жылдың 1 қазанынан бастап Алматыдағы тұтынушыларға арналған жаңа орташа тарифті 38,01 теңге/кВт мөлшерінде бекітуді сұраймыз", – деді "ЭнергоСбыт" өкілі Диана Нұрбакова 15 қыркүйекте.

Компанияның түсіндіруінше, қолданыстағы тариф қосымша шығындарды өтемейді. Олар, әсіресе, 1 тамыздан бастап АЖК тарифінің 12,96-дан 14,25 теңгеге өсуімен және 1 сәуірден бастап энергияны жеткізу қызметтерінің құнының 3,66-дан 5,41 теңгеге дейін қымбаттауымен байланысты.

Қазіргі уақытта "ЭнергоСбыттың" өтініші қанағаттандырыла ма, жоқ па – белгісіз.


"Қоғамдық тыңдау барысында тұтынушылар сұрақтар қойып, департамент пен компания өкілдері тиісті түсініктемелер берді. Қатысушылардың ұсыныстары мен ескертулері ескеріліп, шешім заңнамада белгіленген мерзімде қабылданады", – деп мәлімдеді Алматы қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу департаменті.

Бұл мәселе бойынша шешім 25 қыркүйекте қабылданады.

Айта кетейік, Алматы мен Алматы облысындағы қазіргі орташа тариф 2025 жылдың 15 шілдесінде 31,85 теңге/кВт (ҚҚС-сыз), яғни 35,67 теңге/кВт (ҚҚС-пен) көлемінде бекітілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: