Қазақстанда автомектептерге қойылатын талаптар қатаңдатылуы мүмкін
Фото: Zakon.kz
ҚР ІІМ орынбасары Игорь Лепеха 2024 жылғы 19 қыркүйекте Сенат аясында еліміздегі автомектептерді лицензиялауды қайтару жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ басшысының орынбасары көлік жүргізушілерін даярлауды үлкен проблема деп атады.
"Біз лицензия беру тәртібіне қайта оралуымыз керек деп ойлаймыз, осылайша біз бүкіл оқу процесін бақылай аламыз. Оқуға келген сәтінен бастап, жүргізуші куәлігін алғанға дейін. Қазір бұл мәселе көтерілуде, барлық инстанцияларға тиісті хаттар жаздық және қолдау күтеміз. Егер бізге қолдау көрсетілсе, біз бұл тұрғыда депутаттармен жұмыс істейміз", — деді Игорь Лепеха.
Бұған дейін мопедті уақытында тіркемеген жағдайда қандай шаралар қарастырылғаны хабарланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript