Жаңалықтар тізбегі
0

Әскерге шақыру жасын өзгерту туралы ұсынысқа қатысты Қорғаныс министрлігі жауап берді

Әскери билет, мерзімді әскери қызметке шақыру, жас ерекшелігі, жауап, Қорғаныс министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2024 17:58 Сурет: Zakon.kz
ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев 2024 жылы 20 қыркүйекте ОКҚ-да өткен брифингіде мерзімді әскери қызмет дегенді алып тастау және әскерге шақыру жасын өзгерту туралы петицияға қатысты жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шайх-Хасан Жазықбаев мерзімді әскери қызметті алып тастауға болмайтынын айтады. 

"Мерзімді қызметті доғаруға болмайды. Біз оның аясында жастарды әскери базалық даярлаудан өткізіп, одан кейін оларды запасқа қоямыз. Егер еліміздің тәуелсіздігіне қауіп төнсе, сонда Отанды кім қорғайды? Келісімшарт бойынша әскери қызмет деген жақсы, бірақ бұл бюджет қалтасын қағуы мүмкін", - дейді ол.

Оны Мәжіліс депутаты Константин Авершин де қолдады.

"Мерзімді әскери қызметтің негізгі міндеті - мүмкіндігінше көп адамды атыс қаруын қолдануға және казарма жағдайына бейімдеу болып табылатынын ұмытпауымыз керек. Мен жастармен жиі жұмыс істеймін, содан байқағаным, көбісі мылтықты қалай ұстау керек екенін білмейді. Біз өзіміз небәрі 20 миллионбыз, ал территориямыз өте кең және өте бай, сондықтан мүмкіндігінше Отанын қару-жарақпен қорғай білетіндер саны көбірек болуы керек. Екінші жайт.  Біз, депутаттар болғасын, бюджетті қарауға қатысамыз. Қазір кез келген бюджет толыққанды кәсіби армияны қамтамасыз етуге жетпейді", - деді депутат.

Ол қазақстандықтардың әскерге шақыру жасын 18 жастан 20 жасқа дейін көтеру туралы талап та біршама зерделеу жұмысын қажет ететінін айтты. 

"Неліктен 18 жастан бастап шақырылады? Кеңес заманында терең зерттеулер болды. Содан кейін олар бұл мәселе талқысына өте терең және жан-жақты келді. Жалпы, бұл жаста жасөспірімдерде гормоналды өзгерістер басталады, ал психикадағы өзгерістер физиологиялық өзгерістермен байланысты. Осы сәттен бастап біз жастарды еркек етуіміз керек. Барлығы физиологиялық ерекшеліктерден туындайды, сондықтан 18 жастан бастап Қарулы Күштер қатарына шақырылады", – деп атап өтті депутат.

Алайда Қорғаныс вице-министрі әскерге шақыру жасын арттыру жан-жақты зерттеуді қажет ететінін айтты.

"Әскерге шақыру жасын 20 жасқа дейін арттыру үшін бірінші сыныпқа қабылдау жасын 10 жасқа дейін көтеру керек болады ма? Солай ма? Ал 20 жасында ол мектепті бітіреді делік... Қарулы күштер - бұл оқшауланған мемлекеттік орган емес, онда қоғамда болып жатқанның бәрі көрініс табады. Әскерге шақыру жасын арттыру үшін мектепке қабылдау жасын да қайта қарау керек болады, ал егер мектепке қабылдау жасын өзгертпесек, онда ол 17 жастан 20 жасқа дейін не істеп жүреді? Бұл - өте маңызды мәселе, оны Білім министрлігімен және басқа да құрылымдармен бірлесіп қарастыру, тұтастай алғанда Қазақстан азаматтарының өмір саласын қайта қарап, өзгеріс жасау қажет болады", – деп сөзін толықтырды Шайх-Хасан Жазықбаев.

2024 жылы 12 қыркүйекте ePetition.kz ресми порталында "Мерзімді әскери қызметке шақыру жасын көтеру туралы" петиция пайда болды.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: