Қорғаныс министрлігі әскердегі ақша бопсалау фактісін жоққа шығарды

Ақша бопсалау, Қорғаныс министрлігі, мерзімді әскери қызмет, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2024 18:32 Сурет: pixabay
ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев 2024 жылы 20 қыркүйекте ОКҚ-да өткен брифингіде әскердегі бопсалау мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Журналистер мерзімді қызметтегі сарбаздардың ата-аналары балаларынан офицерлер мен аға сарбаздар ақша бопсалайтындығына жиі шағымданатынын айтты. Осыған байланысты бұл мәселеге қатысты басшылық қандай шаралар қабылдап жатқанын сұрады.

Алайда Шайх-Хасан Жазықбаев бұл фактілерді бопсалаумен байланыстырмайды.

"Иә,  ата-аналарынан 2-3 мың теңге сұрайды. Өйткені, әскер мәзірі деген бір басқа. одан бөлек, дегенмен әрқайсысы бала емес пе, 18-19 жастағы, Coca-Cola ішкісі келеді, Snickers жегісі келеді және т.б. Шай бөлмесі деген бар, одан бөлек дүкен бар, осы тәттілерді сатып алуға болатын. Осыған байланысты мерзімді қызметтегі сарбаздардан ақша бопсалайды деген күдік-күмән тууы мүмкін", - деді ол.

Бұл ретте Шайх-Хасан Жазықбаев бір офицердің сарбаздан 3 мың теңге алуы фактісі тіркелгенін жеткізді.

"Бұл факт бойынша тергеу жүргізілуде. Егер тергеуде факт расталса, ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сай жазаланады", деп сөзін түйіндеді вице-министр.

Мәжіліс депутаты Константин Авершин бұл ретте әскерге шақырылушылар арасында лудомания проблемасының бар екендігін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: