Елімізге Нидерландыдан Тұран жолбарыстары әкелінді

Елімізге Нидерландыдан Тұран жолбарыстары әкелінді, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2024 10:16 Сурет: pixabay
Еліміздің жануарлар дүниесі күннен-күнге толығып жатыр. Мәселен, Нидерландыдан Балқашқа екі жолбарыс әкелінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзге елден жеткізілген еркек пен ұрғашы жыртқыштар Тұран жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіру мақсатында әкелінген. Олар Алматы облысындағы Іле-Балқаш резерватында тіршілік етпек.

Бұл туралы "Вечерняя Караганда" Telegram-арнасының ақпаратынан белгілі болды.

Айта кетейік, жолбарыстың бұл түрі қатал ауа-райында өмір сүруге бейімделген.

2024 жылдың 18 қыркүйегінде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжіліс алаңында Қазақстанға жолбарыстарды жерсіндіру жоспары туралы айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: